|
19.09.2019 | 16:15
2109

Елімізде от жағу маусымына дайындық басталды

Еліміздің электр стансаларының отын қоймаларында 4 млн тонна көмір мен 101,9 мың тонна мазут бар

Елімізде жылыту маусымына дайындық жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Айтуынша, қазіргі уақытта еліміздегі энергоблок пен қазандықтардың 84 пайызы жөндеуден өткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.    

«Қосалқы стансаларының саны 1 мыңнан асады. Оның 1152-сінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл 94 пайызды құрайды. Жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталатындығына күмәніміз жоқ ол жағынан, біздің Атом энергеикалық бақылау комитеті бақылауда», – деді ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат ЕСІМХАНОВ.

Белгілі болғаны, электр стансаларының отын қоймаларында жалпы 4 млн тонна көмір және 101,9 мың тонна мазут бар. Бұл нормативтік қорға сай. Бұдан бөлек, вице-министр «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясына энергия өндіретін кәсіпорындардың қарызы жайлы айтты.

«Тұтынушы ретінде біздің қарызымыз бар. Сол себептен мекемелерге де төленбейді. Осы шеңберде жүрміз. Аталған мекемелер газбен қамтамасыз етілген. Ол жағынан мәселе туындамауға тиіс.  Көмір бойынгша да 3-4 мекеменің қарызы бар. Бірақ миллиардтаған айналымы бар мекемелерге 30-40, тіпті 60 млн теңге де соншалықты үлкен қаражат емес», – деді ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат ЕСІМХАНОВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир