|
18.08.2022 | 16:26
1480

Мұнайшылар тағы да ереуілге шықты

Жұмысшылар ереуілдің заңды екенін мәлімдеді

snta.ru

"Қарақұдықмұнай" ЖШС қызметкерлері ереуілге шығып, жалақыны 100 мың теңгеге көтеруді талап етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмысшылар ереуілдің заңды екенін мәлімдеді: олар басшылыққа бір апта бұрын ескертіп, өкілетті органдардың рұқсатын алған. Қызметкерлер кен орнында, вахта кентіндегі жатақхананың алдында ереуілдеп жатыр.

"Біз компания басшылығынан жалақымызды 100 мың теңгеге көтеруді сұраймыз. Біз ереуілге осы жылы наурызда шыққан едік, сол кезде басшылық талабымызды орындауға уәде етті, бірақ сол күйі орындаған жоқ. Бүгін біз ереуілімізді ресми түрде тіркедік және соңына дейін баруға дайынбыз, басшылықтың шешімін күтеміз", - деді кәсіпорын жұмысшылары.

Компания қызметкерлері ереуіл өндіріске кедергі келтірмегенін атап өтті, жұмыс штатты режимде жүріп жатыр.

"Кеше бізге прокуратура, еңбек инспекциясының өкілдері мен аудан әкімі келіп кетті. Жағдайды шешуге көмектесеміз деп уәде берді, бірақ әзірге нәтиже жоқ, басшылық байланысқа шықпай тұр", - дейді вахташылар.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир