|
16.09.2019 | 16:29
1556

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

«Мазда» жүргізушісі мен жолаушылары түгел өртеніп кетті

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 16 қыркүйек күні адам өліміне әкеліп соқтырған жол апаты болды. Салдарынан алты адам мерт болған деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жол көлік оқиғасы таңертең Шымкент-Самара тас жолында орын алған.

«Мазда Кронос» көлігі қарсы бетке шығып кетіп, «Опель Вектраға» соқтығысқан. Соның салдарынан «Маздадағы» газ баллон агрегаты жарылып, көлік өртенген.

Полицияның хабарлауынша, «Опелдің» жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оның әйелі мен баласы оқиға орнында қайтыс болған.

«Мазда» жүргізушісі мен ішіндегі барлық жолаушысы жеңіл көліктің ішінде отқа оранып көз жұмған.

Сондай-ақ, көлікте төрт адамнан тұратын бір отбасының мүшелері болғаны хабарланды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жол апатының мән-жайы мен кінәлілерді полиция анықтайтын болады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир