|
21.01.2020 | 16:38
2853

Жазушы Сәбит Досановтың 80 жылдық мерейтойы Ресейде де тойланбақ

Жазушының «Ақ аруана» кітабы әлемнің 47 тіліне аударылған

Биыл жазушы, драматург, сыншы Сәбит Досанов 80 жасқа толды. Қаламгердің мерейтойына Ресей, Қырғыстан, Өзбекстан және Америка елінен жазушы делегациялар арнайы келіп, туған күнімен құттықтады. Әріптестері мен достары ақжарма тілектерін білдіріп, үстіне шапан жапты. Оның шығармашылығындағы шоқтығы биік еңбегі «Ақ аруана» кітабы әлемнің 47 тіліне аударылған. Шығарманы алғашқы болып аударып, басып шығарған көршілес Ресей елі. Бұдан бөлек, ақынның туған күні наурыз айында осы Ресейде кең көлемде аталып өтпек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

«Ол кісінің Мәскеуде беделі өте үлкен. Юрий Бондеров, қазір қайтыс болып кетті, Феликс Кузницов, үлкен ғұламалар, кезінде Сергей Михалков ол кісіні қатты сыйлады. Мәскеуге келген сайын үйіне шақырып. Қазір Ресейде мерей тойын тойлауға үлкен жұмыстар жасалып жатыр. Кездесу кеші өтеді, концерттік бағдарламалар береміз», – дейді Мәскеу қаласындағы Тимирязов университетінің президенті Серік ТОЙҒАНБАЕВ.

«Ол кісімен танысқаннан бері оның бір қасиетін таптым. Өмірі даусын көтермейді, ешкіммен ұрыспайды, жан баласына жаман сөз айтпайды. Магнит сияқты өзіне тартып тұрады. Амандасып, сөйлесіп, әңгіме айтқанның өзі не жетсін?!», – дейді ҚР Халық қаһарманы Тоқтар ӘУБӘКІРОВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

жазушы Мерейтой
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир