|
25.01.2021 | 16:44
3081

Ақын, жазушы, Нұржан Қуантайұлы 50 жаста

Автор студенттік шағында әдеби ортаға «Қара өзек» романымен танылған еді

Қазақ әдебиетіне жаңаша серпін берген жазушы, ақын Нұржан Қуантайұлы 50 жасқа толды. Осыған орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультетінде халықаралық дәрежедегі ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Автор студенттік шағында әдеби ортаға «Қара өзек» романымен танылған еді. Бүгінде проза, поэзия жанрында қатар қалам тербеп жүрген Нұржан Қуантайұлы ғылыми-әдеби еңбекпен айналысып қана қоймай, шәкірт тәрбиелеп отыр.

«Нұржан Қуантайұлы әдебиетке өзінің қолтаңбасымен, өзінің үнімен келген ақын. Сонау 90 жылдардың өзінде ол жарқ ете қалып, бүкіл әдебиет сүйер қауымды елең еткізген болатын. Нұржанның айта берсек, ондай қыры көп. Қазақта сөз бар ғой, «сегіз қырлы, бір сырлы» деген. Шындығында да, сондай талант», – деді сыншы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілікұлы.

«Бұл жиын  «50 жасқа келгенде бір есеп бер», деп ағаларымыз ұсыныс тастаған соң, сол есеп беру жиыны сияқты болды. Бұл кісілер авансымен бізге ықылас білдіріп жатыр. Келешекте осы авансты, аманатты орындау міндеті бар. Сондықтан қалай болса да, бұл 50 жас адамның бір өмір кезеңі», – деді ақын, жазушы Нұржан Қуантайұлы.

Қаламгердің мерейтойына орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев құттықтау хат жолдады. Сондай-ақ, университет басшылығы Нұржан Қуантайұлын «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградтап, шығармашылық табыс тіледі.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир