|
25.02.2020 | 16:51
2055

Абайдың 175 жылдығына орай алматылық студенттер көрме ұйымдастырды

«Жаңа ғасыр» театры Абай өмірінен сыр шертетін қойылыммен көзіқарақты көрерменнің жүрегін елжіретті

Almaty.tv

«Білгенге маржан». Дәл осындай атпен Алматыда Ұлы ағартушының 175 жылдығына орай бейнелеу өнері көркем туындыларының көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Абай атындағы Ұлттық педагогикалық универститетте өткен шараның ұйымдастырушысы – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы. Қазақ болмысының айнасы саналатын ұлы ақынға арналған көрменің мақсаты – рухани тұрғыдан дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру дейді шараны ұйымдастырушылар.

«Екі жоғары оқу орнына, ұлттық жоғары оқу орнына шығармашылық шабыт, студенттеріне оқуда озат болуына шын жүректен тілеймін. Пайдалы ілім-біліммен сусындасын деген тілек айтқым келеді. Алдағы уақытта Абай атамыздың үлкен мерейтойларында бас қосып, ЮНЕСКО көлемінде  әлемдік деңгейде тойлауымызды нәсіп етсін деп тілеймін», – дейді Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры  Сәкен МАЙҒАЗИЕВ

Шаһар шырайын келтірген шаралардың тағы бірі – «Алматы әуендері» мен «Жаңа ғасыр» жастар театрының қала аудандарында өткізіп жатқан қайырымдылық концерті. Кезекті мерекелік кеш Әуезов ауданында өтті. Концертті тамашалауға ауданның зейнеткерлері, көп балалы аналар, студенттер мен оқушылар  жиналған. Абайдың отыздан астам әні мен бірнеше күйі орындалды. Ал «Жаңа ғасыр» театры Абай өмірінен сыр шертетін қойылыммен көзіқарақты көрерменнің жүрегін елжіретті.

«Бүгінгі шараны қайырымдылық  шара ретінде өткізіп жатырмыз. Концертті  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнайы өткізіп жатырмыз. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» кітабы әлемдік әдебиет кітапханасында мәңгілік мұра болып қалғанын атап өткім келеді», – дейді Әуезов ауданы әкімінің орынбасары  Ринат КЕНЕЕВ

Өнер ұжымдарының кезекті концерті бүгін сағат 14:30-да Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде басталады. 26 ақпанда сағат 15:00-де Жамбыл атындағы филармонияда, ал 28 ақпан сағат 12:00-де Ұлттық кітапханада өтетін болады.

Қуан Нұрақын, "Алматы" арнасы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

сурет концерт
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир