|
11.09.2019 | 17:06
2406

Мал ұрлығы ауыр қылмысқа жатқызылуы мүмкін

Өйткені мал ұрлығы ұйымдасқан қылмыстық топ арқылы жүзеге асады

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов  ауыр қылмыстар үшін жазаны қатайтатын заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа заң жобасында мал ұрлығы бойынша жеке құрам енгізілген. Ұрлық, тонау, шабуыл әрекеттері ғимаратқа, қоймаға немесе көлікке басып кіру арқылы арқылы жасалған жағдайда жаза қатаңдатылады. Бұл қылмыстарды ауыр санатқа жатқызу көзделген. Яғни, ауыр қылмыс санатына жатқандықтан, ондай қалмыс жасағандар зардап шегушімен татуласу арқылы немесе зардаптың орнын толтыру арқылы жазадан жалтару  мүмкіндігінен айырылады», – деген Марат Ахметжанов бұл ұсыныстарының себебін де түсіндірді.  

«Қазақ бір-біріне «мал-жан аман ба» деп амандасады. Елімізде азаматтардың 40 пайызы ауыл төңірегінде тұрады. Мал – ауыл өмірінің тірегі, күнкөріс көзі. Сондықтан мал ұрлығын қылмыстық топпен ұйымдасып жасаған жағдайда ол ауыр қылмыс санатына жатқызылады. Өйткені, мал ұрлығы кәсіпке айналған. Шығарып беретін біреу бар, соятын біреу бар, тасымалдайтын біреу бар, базарда сататын біреу бар, жалған анықтама алып беретін  тағы біреу бар. Сондықтан, оны ауыр қылмысқа жатқызып отырмыз. Өйткені, мал ұрлығы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтар пайда болып отыр», – деді прокуратура өкілі.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир