|
23.09.2019 | 17:20
2716

Алматы қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды

Жаңа басқарма ақылды қалаға жаңа жобалар енгізу және мемлекеттік қызметтерді автоматтандырумен айналысады

Қала әкімінің өкімімен Алматының Цифрландыру басқармасының басшысы болып Баян Қоңырбаев тағайындылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Ол 1986 жылы туған. 2008 жылы Алматы байланыс және энергетика университетін тәмамдаған. Сонымен қатар, Қытайдың Цинхуа, Швейцарияның бизнес академиясын және Америкадан технологиялық институтты бітірген.

Баян Қоңырбаев АҚШ және Қытай компанияларында түрлі жұмыс істеген, "Қазатомөнеркәсіп" ұллтық компаниясында бас менеджер және департамент басшысы қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, цифрландыру басқармасы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен құрылған болтатын. Жаңа басқарма ақылды қалаға жаңа жобалар енгізумен, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және ІТ- саласын жетілдірумен айналысатын болады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир