|
25.02.2020 | 17:24
1596

Bek Air ұшағы апатынан зардап шеккендерге өтемақы берілді

Былтыр 27-желтоқсан күні Алматыдан Нұр-Сұлтанға бет алған Bek Air әуе компаниясының ұшағы биіктік жинай алмай құлаған еді

gossluzhba.kz

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Апаттан зардап шеккен 52 адамға мемлекет тарапынан төленуі тиіс өтемақы төленді. Қазір сақтандыру төлемдері жүргізілуде. «Аманат Иншуренс» компаниясына жүгінгендер алып жатыр. Бұл мәселе біздің жіті бақылауымызда. Ал билеттердің құнын қайтаруға келсем, белгілі бір бөлігі ғана қайтарылды. Қазір Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті билеттердің ақшасын қайтару бойынша сотқа арыз жолдады», – деді ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат ЛАСТАЕВ.


Айта кетейік, былтыр 27 желтоқсан күні Алматыдан Нұр-Сұлтанға бет алған Bek Air әуе компаниясының ұшағы биіктік жинай алмай құлаған еді. Кеме бортында 95 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапқан. Ал апаттан зардап шеккендер өтемақы ала алмай жүргендерін мәлімдеген болатын.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

өтемақы
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир