|
04.06.2021 | 17:26
1643

Алматының Жетісу ауданында көкпаршылар шеруі өтті

Ұлттық құндылықтар ұлықталатын бұл күнде барша алматылықтар рәміздерге ерекше құрмет білдірді

Almaty.tv

Жетісу ауданындағы ипподромда ат құлағында ойнайтын 20-дан астам көкпаршы көк туды қолына алып, шеру жасады, деп хабарлайды Almaty.tv

Ұлттық құндылықтар ұлықталатын бұл күнде барша алматылықтар рәміздерге ерекше құрмет білдіріп жатыр.

«Негізгі мақсатымыз Мемлекеттік рәміздердің құндылығын дәріптеу. Баршамыз мектеп кезімізден бастап ту, елтаңба, гимн тәуелсіз Қазақстан деп ұрандатып келдік. Өзіңіз білесіздер өткен жылдан бастап туымызды балконға ілуге, біраз нәрсеге рұқсат еткен болатын»,– деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Шайтұрсын.

«Алматы қаласы көкпар командасының мүшесімін. Біз де еліміздің патриотымыз. Осындай шараның өткеніне қуаныштымыз»,– деді қатысушы Бекболат Төлеубай.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

ипподром
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир