|
24.01.2021 | 18:03
1293

Қатты боран салдарынан «Үшарал-Достық» күре жолы жабылды

ТЖД өкілдері азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды

Фото: youtube.com

«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Казахавтодор« ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылдың 24 қаңтары сағат 15:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, көріну шектеулі) «Үшарал - Достық« республикалық маңызы бар автожолында (0-84 шақырымдары) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге қажетті барлық заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз»,– делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

ТЖД өкілдері азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Бұған дейін  Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты облыстық жолдар жабылғанын жазған болатынбыз. Алматы – Өскемен автомагистралі және Алматы облысы шекарасынан Таскескен бұрылысына дейін көлік қозғалысына тыйым салынып, «Алматы – Өскемен – Қапал-Арасан шипажайы» екі жол учаскесі жабылды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир