|
20.05.2022 | 18:05
741

Картоп, күнбағыс, көкөніс пен басқа да дақылдардың егу аумағы ұлғайтылды

Қазіргі уақытта жаздық дақылдар 2,9 миллион гектарға егілді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ел президентінің тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемі ұлғайтылып, бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін сапалы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Егіс науқанын қатаң түрде оңтайлы мерзімде жүргізу үшін мемлекет тарапынан барлық шаралар қабылданады. Биыл шаруаларға бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіліп жатыр", - деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өсімдік шаруашылығы департаментінің директоры Азат Сұлтанов.

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауға бөлінген қосымша қаражатты ескере отырып, республикалық бюджеттен 449 миллиард теңге қарастырылды.

Соның ішінде, өсімдік шаруашылығына 107,2 миллиард теңге бағытталады.

Әлеуметтік нан өндірісінің маңыздылығын ескере отырып, бидайды субсидиялауға 9,2 миллиард теңге қарастырылған.

Әкімдіктер ұсынған дерекке сәйкес, осы жылы жалпы егіс аумағы 23 миллион гектар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 105 мың гектарға артық.

Биыл жем-шөп дақылдары алқабын айтарлықтай ұлғайту жоспарланып отыр. Оның аумағы 3,6 миллион гектар. Бұл айтарлықтай деңгейде көбірек жем-шөп өндіруге және мұқтаж өңірлерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, егіс науқанын жүргізу мақсатында 2,3 миллион тонна егін себілді. Бұл қажеттіліктің 100%-іне сәйкес келеді.

Қазіргі уақытта жаздық дақылдар 2,9 миллион гектарға егілді, бұл жоспардың 19%-на тең.

Атап айтқанда:


  • майлы дақылдар – 1,5 миллион гектарға (47,8%);
  • жүгері және бидай – 231,2 мың гектарға (87,2%);
  • көпжылдық шөп – 309,6 мың гектарға (70,7%);
  • картоп – 133,4 мың гектарға (68%);
  • көкөніс – 128,7 мың гектарға (75,9%) және басқа да дақылдар егілді.


Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы жылы 670 мың тоннадан астам тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 308,1 мың тонна немесе межелі жоспардың 46%-і жөнелтілді.

Үкімет қолдауының арқасында шаруалардың сұранысын қанағаттандыру жөнінде отандық минералды тыңайтқыштарды өндірушілермен келісімге қол жетті.

Аммиак селитрасының бағасы 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендетілді. Сондай-ақ тыңайтқыш бағасын арзандату бойынша қосымша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биылғы егіс науқанына 144 мың трактор, өнімділігі жоғары 4,7 мың егіс кешені, 77 мың дән сепкіш, 221 мың басқа да топырақ өңдейтін жабдық жұмылдырылды.

Егіс жұмыстарын жүргізуге 400,2 мың тонна дизель отыны (2021 жылы – 380 мың тонна) бөлінді. Сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға 140 миллиард теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлініп, форвардтық астық сатып алу аясында 80 миллиард теңге қарастырылған.

"Көктемгі егіс жұмыстарын сәтті жүргізу мәселесі ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты және ерекше бақылауында тұр. Осы мақсатта министрлікте көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде туындаған барлық мәселені жедел шешуге арналған жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр", - деді Азат Сұлтанов.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

көкөніс
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир