|
18.07.2019 | 18:17
4594

Полиция мен құтқару қызметі бірігеді

112 бірыңғай кезекшілік диспетчерлік орталығы 2020 жылдың басында өз жұмысын бастайды

Алматыда «112 нөмірі» бірыңғай жедел қызметке айналады. Яғни, полицейлердің кол орталығы мен құтқару қызметі біріктірілмек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуінде мәлімдеді. «112 бірыңғай кезекшілік диспетчерлік орталығы» қоңырауларды қабылдап қана қоймай, автокөліктерге мониторинг жасап, жол көлік оқиғаларының картасын дайындайды. Ерлан Әукеновтың пікірінше, бүгінде дайындық жұмыстары аяқталған. Аталған жаңашылдық қаладағы қауіпсіздікті дамыту жоспары аясында енгізілуде.

«Осы жылдың аяғы мен 2020 жылдың басында біз бұл жаңалықты толық енгіземіз. 112 бірыңғай кезекшілік диспетчерлік орталығы өз жұмысын бастайды. Барлық қоңыраулар біріктіріледі. Бұл – халықаралық тәжірибе. Сондықтан, қоңырауды күту уақыты мен экипажды шақыру тез болады», – дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан ӘУКЕНОВ.

Жиында сондай-ақ Алматыда ақылды бағдаршамдардың көбейетіні айтылды. Биыл күзде барлық аудандық полиция басқармасында фронт-кеңселер ашылады.

Кездесу барысында Алматы зообағы туралы да сөз қозғалды. Қоғамдық кеңес мүшелері жануарлардың қырылып жатқанына алаңдайтындарын жеткізді. Сондықтан, зоомамандармен етене жұмыс істеу керек деген олар зообақты дамыту бойынша тәуелсіз кеңес құруды ұсынды.

«Менің ойымша зообақты дамыту бойынша белсенді азаматтардан жиналған кеңес құру керек. Екінші мәселе, жабайы аңдарды кез келген адамның қолынан алуды доғару керек. Егер құжаты жоқ болса, қабылдамаған абзал. Зообақта өлген жануарлардың құжаты жоқ, иесі тастап кеткендер болатын. Сонымен қатар, зообақ қызметкерлерінің жалақыларын көбейтуді ұсынып отырмыз. Тағыда айта кетерлігі, автотұрақтың да санын арттыру керек деп ойлаймын», – деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Зульфия БАЙСАҚОВА.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир