|
30.06.2022 | 18:53
1016

Алматыда мүгедектігі бар 27 адам жұмысқа орналасты

«Шырақ» тегін курсының мақсаты – қатысушыларды тәуелсіз болуға үйрету

Almaty.tv

Алматыда мүгедектігі бар жандарға арналған «Шырақ» тегін курсының арқасында 27 адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазір «Ақ бастау» шипажайында 80-ге жуық адам білімін жетілдіріп жатыр.  Мақсаты –  қатысушыларды өзгелердің көмегінсіз тәуелсіз болуға үйрету. Шара бизнес тренингпен басталып, соңы аспаздық сайыспен жалғасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба жыл соңына дейін жалғасады.

«Көбірек мүгедектігі бар адамдардың көбісі жаңағы үйде отырған кісілер болғандықтан, оларды көбірек қоғамға шығару, қоғаммен араластыру. Көптеген біздің қатысушыларымыздың мақсаты пайда болады, оқуға түскісі келетіндері оқуға түседі, отбасы құрып жатқан қаншама біздің қатысушыларымыз бар», – деді «Шырақ» қоғамдық бірлестігінің жаттықтырушысы Айнұр Сырлыбаева


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир