Алаш арысы Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгірұлы 91 жастан асқан шағында өмірден озды

25.08.2021 в 00:19

Асылдың сынығы

Қазақ әдебиетіндегі Үш бәйтеректің бірі – Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров 91 жастан асқан шағында өмірден озды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы жас қаламгер, әдебиет сыншысы  Елдос Тоқтарбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Елден қаралы хабар жетті. Асылдың сынығы өмірден өтті.

Бүгін Аяулы Ілияс Жансүгірұлы әкеміздің ұлы Саят ата 91 жастан асқан шағында өмірден озды. Алла марқұмды панасына алсын. Жақындары мен ұрпақтарына қайғыра көңіл айтамыз», – деп жазады ол.