|
17.09.2019 | 16:58
2402

Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына арналған байқау басталды

Биыл сайыста әлемнің 12 елінен 60 шақты әнші бағын сынайды

Алматыда қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық вокалистер байқауы басталды. Дәстүрлі жарыс биыл 10-шы рет өткелі отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жеңістен үміттілерді Франция, Ресей, Италия, Чехия сынды елдерден келген қазылар алқасы бағалайды. Оған қазақ халқының мақтанышы, күміс көмей әнші Бибігүл Төлегенова төрағалық етпек. Биыл сайыста әлемнің 12 елінен 60 шақты әнші бағын сынайды. Байқау қыркүйектің 24-іне дейін өтеді.

«Ал ертеңнен бастап біз, яғни, барлық әділ қазы мүшелері жеңімізді сыбанып, қазақша айтқанда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, конкурсқа келгендерді тыңдаймыз. Биыл да балалар бізді қуантады деп ойлаймын», – деді КСРО Халық әртісі Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА. 

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, таяу және алыс шет елдерден опера өнерінің хас таланттары жиналған. Оның ішінде Ресей, Қытай, Украина, Болгария Тәжікстан, Әзірбайжан және Моңғолиядан келген орындаушылар бар. Сайыскерлердің өнерін беделді әрі кәсіби әділқазылар алқасы бағалайды. Оған қазақ халқының мақтанышы, күміс көмей әнші Бибігүл Төлегенова төрағалық етпек.

«Қазылар алқасы – барлық шет мемлекеттен келген қонақтар. Бұлардың барлығы үлкен ғалым, білімді, оқымысты адамдар. Біздің байқауымыз бүгінге дейін өте сондай ұқыпты, шындықты дәлелдеп отыратын. Соған қарағанда оның болашағы жарқын болуы тиіс», – деді КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА.

Жарыс 3 кезеңнен тұрады. Алдымен сайыскерлер іріктеледі. Ақтық сынға қатысушылардың саны 14-тен аспауы тиісі. Сондай-ақ байқау талабы бойынша 18-32 жас аралығындағы әнші қыз-жігіттердің музыкалық білімі болуы қажет.

«Бір кездері осы конкурста жеңіп шыққан Сүндет Байғожин – қазір дүниежүзіне әйгілі әнші. Жалпы, байқаудан жеңіп алған әншілер халықаралық деңгейде жұмыс істеп жүр. Олар тәжірибе жинады. Олар біздің елімізді көрді, біздің сахнамызға шықты, апамыздың батасын алды. Біздің апамыз ұлы әнші, қазақтың бұлбұлы. Ол кісі Қазақтың мәдениетін, қазақтың классикалық әншілік шеберлігін жоғары деңгейге көтерді», – деді ҚР Халық әртісі Роза РЫМБАЕВА.

Ақтық сын 26 қыркүйекке жоспарланып отыр. Жеңімпаздардың есімі сол кезде анықталады.

Перизат Көмекбайқызы, Азамат Әуезхан, «Алматы» телеарнасы


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир