|
21.08.2019 | 19:59
3258

«Алматы-Бішкек» тас жолы құрылысының 60 пайызы аяқталды

Жолдың бойында ұзындығы 700 метрді құрайтын үлкен эстакада салынады

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы осы жылдың аяғына дейін екі эстакаданы пайдалануға береміз деп отыр. Ал, көлік жүргізушілері құрылыс жұмысының қарқыны баяу деп шағымдануда. Онсызда кептелістен көз ашпайтын жұрт жолда сағаттап тұрып әбден мезі болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алматы-Бішкек» тас жолымен тәулігіне 50 мың автокөлік өтеді. Мұндағы кептеліс мәселесін шешу үшін автожолдың 4 шақырым жеріне сегізден 10 жолаққа дейін салынады. Оның ішінде екеуі транзиттік көліктерге, екеуі қала маңындағы көліктерге, ал тағы біреуімен қоғамдық көліктер қатынайды.

Күре жолдағы құрылыс 2017 жылдың аяғында басталған. Онсызда көлік кептелісінен көз ашпайтын жол да қазір тіпті жағдай қиын. Осы жолмен жүруге мәжбүр көлік жүргізушілері  бар жоғы 4 шақырым аралықта жарты күніміз өтеді дейді.  

«Былай өту үшін 1,5 сағат, 2 сағат кетеді. Жол өте нашар. Ұзынағашта тұратын апаларымызға жетуіміз қиын», – деді бір тұрғын.

«Үлкен қала мегаполисте не деген масқара мынау, 30 жыл болды ғой?! «Алтын Орд»а базарымен бірге алықтың жүйкесі шаршады. Осы кептелісте күндіз-түні тұрады», – деді тағы бірі.

Алматы - Бішкек тас жолының 16-шақырымынан 19-шақырымына дейінгі жолды кеңейту жұмыстарына мемлекеттен 9 млрд  100 миллион теңге бөлінген. «Қазавтожол» ұлттық компаниясының Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаевтың сөзінше, халықаралық дәліз бойында әлі жерді босатпаған нысан иелері бар. Құрылыстың жүргізілуіне ол қолбайлау болып тұр дейді. Қазір кәсіпкерлермен сот ісі әлі жалғасып жатыр екен. Оның жүріп жатқанына 2 жылдан асқан. Бірақ осы күнге дейін нәтиже жоқ. Кедергі келтіріп тұрған нысандар сүріліп біткен соң, осы жылдың аяғына дейін мердігер компания эсткаданы қолданысқа береміз деп уәде етті.  

«Биыл Ақсай өзенінен Іргеліге дейін асфальтпен жолды ашып береміз. Және де таға тәріздес эстакаданың қолданыс жолын пайдалануға береміз. Міне, биылғы жылдың жоспары осындай. Және қысқы мерзімде біз негізгі эстакада мен жаяу жүргіншілер жолын келесі жылы көктемге дейін аяқтауға тырысамыз», – деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Нұрхат АҚЫЛТАЕВ.

Жөндеу жұмыстарына 200 адам және 50 техника жұмылдырған. «Қазавтожол» ұлттық компаниясы өкілдерінің сөзінше, құрылыс жұмысының 60 пайызы аяқталған. Халықаралық дәліздегі құрылыс толығымен 2021 жылы аяқталады.

Перизат Көмекбайқызы, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир