|
19.11.2019 | 19:46
1731

Нұр-Сұлтанда қатты аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтады

Білім басқармасы сабақтың болу-болмауын тек ресми дерекөздер арқылы анықтауын сұрайды

Қалалық білім басқармасы мұндай шешімді ауа райының қатты суытуын негізге алып қабылдаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бүгін Қазгидрометтің, сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламаларына сәйкес, қатты жел мен көру деңгейінің төмендеуіне байланысты бірінші және екінші ауысымдағы бастауыш және орта буындағы сыныптардың сабақтарын тоқтаттық. Егер қалада ауа райы - 25-тен төмен және жел жылдамдығы 2, 4 метр секунд болса, бастауыш сыныптардың сабағын тоқтатамыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының бөлім басшысы Жазира АСАНОВА.

Маманның айтуынша, қалада сабақты тоқтату бойынша бекітілген алгоритм бар. Таңертең сағат 6-да бірінші, ал екінші ауысым бойынша сағат 12-ден кейін хабарлама таратылады. Білім басқармасының өкілі ата-аналарға сабақтың болу-болмауын міндетті түрде тек ресми дерекөздер арқылы анықтауын сұрайды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

занятия
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир