|
30.09.2022 | 19:59
1009

Қарттар күні: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мерекелік концерт өтті

Концертте университеттің ансамблі өнер көрсетті

Almaty.tv

Халықаралық қарттар күні қарсаңында шет қалмаған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мерекелік концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты кештің қадірлі қонағы болған оқу орнының ұлағатты ұстаздары жастарға тілегін білдіріп, ұрпақтар сабақтастығы бірлік пен бейбітшіліктің бастауы екенін айтты. Концертте университеттің ансамблі өнер көрсетіп, студенттер тәлімгерлерін мерекемен құттықтады.  

«Мен бұл университетте жұмыс істегеніме биыл 53 жыл болды. Бүгін өткен кеш ерекше әсерге бөледі. Біз түрлі уақыттың және заманның ұрпақтары арасындағы байланысты сезіндік. Алғысымыз шексіз», – деді  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Элеонора Сүлейменова.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир