|
10.01.2020 | 17:20
9502

Жаңартылған Абай энциклопедиясы Ұлттық кітапханаға тапсырылды

Екінші серия «Атамұра мектеп кітапханасы» деп аталады

Абайдың 175 жылдығына орай  жаңартылған Абай энциклопедиясы Ұлттық кітапханаға тапсырылды. Игі шара аясында қазақ жазушыларының еңбектері мен балалар және қазақ мәдениеті турасындағы 1000 кітапты кітапхана қорына тегін тапсырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алқалы жиынға қатысқандар мұндай ауқымда кітаптың табысталуы кітапхана тарихында алғаш рет болып отыр дейді. Кітаптар екі сериядан тұрады. Оның алғашқысы «Атамұра» кітапханасы. Яғни Ұлы Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезовтермен басталып, қазіргі көзі тірі классиктермен жалғасады. Екінші серия «Атамұра мектеп кітапханасы» деп аталады.

«Бұл жерде негізінен көптеген туындылар мектеп бағдарламасына енеді де, оқушылар соның түпнұсқасын оқиын десе, таба алмай қалады. Мысалы «Дерменені» оқуы мүмкін, оны әрі қарай оқиын десе, ол кітап жоқ болып қалуы мүмкін. «Гауһартасты» оқуы мүмкін ол әрі қарай жоқ болуы мүмкін. Сондықтан біз осы мектептің бағдарламасына енген авторлардың тізімін «Атамұра мектеп кітапханасы» деген атаумен беріп отырмыз», - деді «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали ҚҰЛ-МҰХАММЕД.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир