|
22.06.2021 | 20:56
1058

СҚО-да жабайы үйректерден құс тұмауы анықталды

Бірнеше құстың өлексесін жергілікті тұрғындар Саумалкөл көлінің жағасынан тапқан

Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданында жабайы үйректерден құс тұмауы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бірнеше құстың өлексесін жергілікті тұрғындар Саумалкөл көлінің жағасынан тапқан. Қанаттылардың қырылу себебін анықтау мақсатында биологиялық материал сараптамаға жіберілген. Зерттеудің нәтижесіне сәйкес, өлген үйректерде құс тұмауы расталды. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы күзде облыста дәл осындай тұмау шығып 200 мыңнан астам құс өлген еді.

«Өлген құстын денесі өртенді. Үй құстары, басқа жабайы құстардың арасында вирус анықталмады. Профилактикалық мақсатта көлдің маңында орналасқан елдімекендерде құс тұмауына қарсы вакцинация өткізілді. Саумалкөл мен Красногорка ауылдарында 7,5 мыңнан астам құсқа вакцина егілді. Облыста барлығы 485 мың құсқа вакцина егілген», – деді  Облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир