|
25.11.2019 | 21:12
2661

Алматы халқы Фариза Оңғарсынованы еске алды

Кеште шайырдың өлең жырлары оқылып, ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды

Қазақтың аяулы ақын қызының құрметіне көше беру салтанатты шарасы М.Әуезов  атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жалғасқан ақынды еске алу кешіне Фаризаның көзін көрген әріптестері, қаламдас достарымен қазақ поэзиясына ғашық қалың көрермен жиналды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кеште шайырдың өлең жырлары оқылып, ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды. Ал, қала әкімі орынбасарының кеңесшісі Данияр Әлиев шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың құттықтау сөзін оқып, гүл шоқтарын табыс етті.

Фариза - поэзия әлемінде қаламгерге тән ұлтжандылық, намысқойлық және адамгершілік секілді қасиеттердің биігінен көрінген ақын. Ол «Сандуғаш» атты алғашқы жыр жинағымен-ақ оқырманды елең еткізген. «Мазасыз шақ», «Маңғыстау маржандары», «Асау толқын» т.б көптеген туындысы Ф. Оңғарсынованың ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасы мен болмысын көрсетті. Бүгінгі еске алу кеші биыл еліміздің әр түкпірінде 80 жылдығы атап өтіліп жатқан  ақынға деген халықтың сағынышының көрінісі деуге болады. Толық мән-жайлы оқиға орнында болған.

Жазира Зәкірқызы айтып береді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир