|
02.04.2020 | 21:20
1970

Карантин: Алматыда егде жастағы қарттарға тегін тамақ тарату акциясы жалғасып жатыр

Игі істі «Нұр Отан» партиясы мен Республикалық Nomad ММА Федерациясы қолға алған

Almaty.tv

Алматыда егде жастағы қарттарға тегін тамақ тарату акциясы жалғасып жатыр. Бұған дейін 400-ге жуық 90 жастан асқан қарияға ыстық тамақ таратылса, енді мұндай қайырымдылық шараның аясы ұлғайып, 80-дегі қарттар да ыстық аспен қамтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Игі істі «Нұр Отан» партиясы мен Республикалық Nomad ММА Федерациясы қолға алған.

Елдің қазынасы саналатын қарияларға карантин кезінде көңіл бөлу еселене түскен бүгінде. Билік тарапы 65 жастан асқан адамдарға үйде отыруға кеңес берсе, 80-нен асқан зейнеткерлерге дайын ыстық тағам тарату жалғасып жатыр. Игі іске «Нұр Отан» партиясы мен Nomad ММА Федерациясы мұрындық болған. Ұйымдастырушылар бұған дейін 400-ге жуық 90-дағы қарияға қамқорлық жасаса, енді тегін тамақпен 80-нен асқан зейнеткерлер де қамтылуда.  Мыңға жуық қартқа күнделікті ыстық ас жеткізіліп отырады. Бұл сандардың көлемі күн өткен сайын ұлғайып жатыр дейді.

«Мұндай қайырымды істі көрген басқа жолдастарымыз да өз үлестерін қосып жатыр. Сондықтан да біз көмек беретін қарттардың көлемін ұлғайттық. Күнде тізімге 200-300 адамнан қосып жатырмыз. Коронавирус жұқтырғандардың саны артуына байланысты біз қауіпсіздікке, тазалыққа жіті мән береміз. Сол себепті бұған дейін еріктілермен жұмыс істеген болсақ, енді тағамдарды жеткізу үшін кәсіби курьерлерді тартып, қоян-қолтық жұмыс атқарып жатырмыз», – деді Республикалық Nomad MMA федерациясының президенті Гаджи ГАДЖИЕВ.

Қарияларға берілетін тағамдардың құрамы мен дайындалу сапасына да ерекше көңіл бөлінеді дейді мұндағылар. Қарттарға күнделікті тамақты бұған дейін «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері тарататын. Енді бұл міндет кәсіби курьерлерге жүктеліпті.

Курьерлер күнде осындай тексерістен өтіп, санитарлық тазалықтар ерекше сақталады. Жеткізуші мамандар барлық жеке гигиеналық киімдермен қамтылыпты. Қауіпсіздік және тазалық шаралары тәптіштеп түсіндірілген. Барлық санитарлық шаралар жасалғаннан кейін ғана дайын болған тамақтар курьерлердің қолына тыпсырылады.

Бүгін 750 түскі ас қарттардың үйіне дейін жеткізілді. Олар, қайырымды іске ыстық ықыластарын білдірді.

–  Спасибо партию «Нур Отан» что не забывает нас ветеранов.

–  Барлығымыз рахмет айтамыз! Тірі жүрміз ғой дегендей. Мен тоқсанға келдім, тоқсаннан астым мінекей...

– Благодарю за внимания что вы очень внимательно относились ко мне.

Сондай-ақ, тағамдарды буып-түйетін адамдар, тіпті дайын асты жеткізетін жүргізушілердің де тазалығы қатаң назарда. Бұл игі бастама еліміздің өзге де өңірлерінде қолға алына бастапты. Мәселен, Қарағанды, Атырау, Ақмола сияқты облыстарда дәл осындай акция жалғасын тауыр жатыр.

Назкен Еркін, Айдана Нұраш, Рашит Шүкірәлиев «Алматы» арнасы


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир