|
25.11.2019 | 12:22
2051

Тараздағы оқиғадан соң мектептерге толық бейнебақылау қойып, әжетханасын ішке орнатпақ

Сонымен қатар, мектептердің аумағын қоршау жұмыстары да қолға алынатын болды.

Тараз қаласында мектепте болған жантүшігерлік оқиғадан кейін Білім және ғылым минстрлігі білім беру ұйымдарын толық бейнебақылау жүйелерімен  қамтуға енді кірісті. Ол туралы бүгін балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шұғыл өткізілген кеңесте айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Ішкі істер министрлігімен бірлесе өткізілген жиналыста барлық мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің бейнебақылау жүйесін Ішкі істер органдарының  жедел басқару орталығына қосу мәселесі көтерілді. Сонымен қатар, мектептердің аумағын қоршау жұмыстары да қолға алынатын болды. Министр Аймағамбетов бұл проблеманы ұзақ жылдардан бері шеше алмай келе жатқандарын мойындады.

«Бұл мәселе айтылғанына біраз уақыт болды. Сылтаулар көп. Қаражат жетпейді дейміз. Басқа бірдеңе жетпейді дейміз бірақ та мәселе осы уақытқа дейін шешімін тапқан жоқ. Видеоқондырғылар бойынша қанша болды айтып келе жатқанымызға. Кейбір жерлерде видеоқондырғылар бар. Бірақ оны дұрыс жерге шығармай,  біреулер өз кабинетіне қойып қойған дегенді де естіп жатырмын», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ.

Әдеттегідей оқиғадан кейін құрылған комиссия тексеріс барысында әлі күнге Қазақстан мектептерінің тең жартысында дәретхана далада орналасқанын анықтаған. Мәселен, Жамбыл облысында 442 мектептің 260-ының дәретханасы сыртта орналасқан. Ал, республика бойынша ондай әжетханалар саны 2500-ден асады екен. Оның 90 пайызы ауылды жерлерде.

«Айта кетейік, көптеген мектептердің ішінде жабдықталған дәретханалар бар. Бірақ неге екені белгісіз, олар қойма ретінде пайдаланылады. Есігіне қара құлып салып, кілтін директор алып қойған. Сондықтан оқушылар ауладағы дәретхананы пайдалануға мәжбүр. Тәжірибе көрсеткендей, мектеп ішіне дәретхана салып, тиісті санитарлық жағдай жасау мәселесін аз уақытта шешуге болады», - деді NUR OTAN партиясы жанындағы Отбасы ісі және балалардың құқығын қорғау бойынша республикалық кеңес төрайымы Динара ЗАКЕЕВА.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир