|
08.10.2019 | 22:14
5600

Алматыда биыл көмір бағасы тұрақты

Биыл қысқы маусымға 250 мың тонна көлемде қара отын келеді деп жоспарланып отыр

Алайда, күн суытпай қара отынды алуға ниеттілер аз. Қала бойынша көмір жеткізетін 9 база бар. Дегенмен, күздің белортасы жақындағанымен ол базаларда қыстың қамын жазда ойлап жатқандар жоқ. Бірақ  биыл көмір тапшылығы болмайды дейді атқамінерлер, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала аумағындағы жеке үйлердің 99 пайызы газбен қамтылған. Ал, Алматыға келетін көмірдің басым бөлігі шаһар маңындағы облыс аудандарына жөнелтіледі. Биыл қысқы маусымға 250 мың тонна көлемде қара отын келеді деп жоспарланып отыр. Қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев биыл көмір тапшылығы болмайды деп сендірді. Ал, қара отын бағасы басқарманың қатаң бақылауында болмақ.        

«Айта кетейік, 250 тоннаның  200 мыңы Алматы облысына кетеді. Біздің үлес салмағы 50-ақ мың тонна. Ескерте кетейін, көмірдің келетін бағасы 13500. Оның ішінде әркімге жеткізу бағалары әртүрлі. Ара қаштығына байланысты», - деді Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет МАСАБАЕВ.

Қара отынның бағасы биыл да өткен жылғыдай тұрақты. Мәселен 2018 жылы «Шұбаркөл» көмірінің 1 тоннасы  14 500 теңгеден болса, биыл бұл баға 14 000 теңге шамасында. Ал, «Қара жыра» былтыр 13 700 теңгемен саудаланса, бүгінде бұл отын 13 000 теңгені құрап отыр.        

Қыстың қамын жаз ойла деген қазақ даналығы бар. Әне міне дегенше қаһарын алып, сарышұнақ аяз да жақындап қалғаны белгілі. Ал, біз бүгін осындай Алматыдағы бірнеше көмір базаларын аралап көрдік. Ал, осы қара отынға белсенділік танытып, кезекте тұрып, алып жатқан халықты көрмедік.    

Сатушылардың айтуынша, халық алғашқы қар түспейінше көмір алуды ойламайды дейді. Әзірге шуақты күні қара отын тау болып үйіліп жатыр, ал, қыстың алғашқы ызғары сезіле бастағанда көмірге талас болатын көрінеді. Сондықтан ертеден қамданған абзал дейді.

Арнат Дүйсен, Әсет Құндақбаев, «Алматы»  телеарансы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир