|
18.02.2020 | 22:40
3500

Алматылық психологтар суицидтің алдын алу үшін жаңа жоба жасады

«Soul Games» деп аталатын бағдарлама кәмелетке толмаған балалардың ішкі жан дүниесіне тереңдей үңілуді мақсат тұтады

2019 жылы елімізде кәмелет жасқа толмаған балалар 180 суицид жасап, 351 мәрте өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу үшін алматылық психологтар арнайы жоба ойлап тапты. Аталмыш бағдарлама мектептегі психологтардың біліктілігін арттыруға сеп болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Сондай-ақ жоба отбасы мен жасөспірім арасындағы қатынасты реттеуді көздейді. «Soul Games» деп аталатын бағдарлама кәмелетке толмаған балалардың ішкі жан дүниесіне тереңдей үңілуді мақсат тұтады. Ол үшін мамандар мектептердегі психологтарды жаңаша оқытып, біліктілігін жетілдіріп отыруды қолға алған. Жоба авторларының сөзінше, бағдарламаның нәтижесі қарқынды. Сондай-ақ, сарапшылар жеткіншектердің неліктен суицидке жиі баратынын атады.

«Жасөспірімдердің суицидке барудағы басты себебі – біз әдеттегідей ойлайтын дүниелер емес, яғни құрдастары арасындағы қақтығыстар, ата-анамен келіспеушілік немесе бала махаббат сияқты мәселелер деуіміз қате. Өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін фактор – баланың ішкі психологиялық жағдайының әлсіздігі. Бар мәселе түпкі ментальды деңгейде жатыр. Мысалы, түпкі психикасы дұрыс бала қандай жағдай болса да, проблеманы еңсереді. Ал психикасы дұрыс дамымаған жасөспірім өмірдің қиындықтарына шыдамауы мүмкін», - деді жоба авторы Светлана БОГАТЫРЕВА.

Мамандардың білікті кадр дайындаудағы мақсаты да осы. Яғни балаға бастапқы психологиялық көмектің жан-жақты берілуі. Бұл ретте, психологтармен бірге ата-аналардың рөлі зор. Сондықтан психологтар жасөспірімдер мен ата-аналарға да дәрістер оқиды.

«Бүкіл осы Алматы қаласы бойынша бүкіл қазақ мектептеріндегі психологтарды оқытып, мониторинг жүргізіп, ары қарай жұмыс жалғастырамыз. Шынында да мен ата-ана ретінде өзім қатыстым. Жақсы қорытынды алып келеді да, шынында да өзің өзгересің. Қандай көзқараспен баланы тәрбиелеу керек және баланың орнында боласың», - деді қалалық білім беру басқармасының әдіскері Венера ҚОҚАНОВА.

Төрт жыл апробацияда болған жобаның нәтижесінде 50-ден аса маман даярланып, олар 1200-дей отбасыға психологиялық көмек берген. Жастар арасында диагностика жүргізу үшін және ақпараттандыруға арналған онлайн-курстар жасап шығарылған.

«Суицид - бұл жанға бататын ауыртпалықтан қашу. Егер балада қандай да бір мәселе жөнінде ата-анасымен диалог болатын болса онда оның жан жарасы өршімейді. Сондықтан ең алдымен отбасында баламен дұрыс әңгіме жүруі керек. Яғни бала ата-анадан өзінің сұрағына уақытылы әрі анық жауап алып отыруы керек», - деді педагог-психолог Ольга СОЛОНЕНКО.

Жалпы елімізде былтыр кәмелетке толмаған 180 бала өз өзіне қол жұмсаған. Ал 351 жасөспірім суицид жасауға талпынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 жарым пайызға жоғары. Өліммен аяқталған суицид көрсеткіші бойынша Түркістан, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.

Назкен Еркін, Рамина Мырзалимова, Нұржан Оразбеков.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир