|
13.12.2019 | 23:05
1329

LRT құрылысы кезінде қаржы жымқыру ісіне кінәлілер анықталды

Іс бойынша 5 лауазымды тұлға және мердігер ұйымдардың 6 басшысы жауапқа тартылуда

Нұр-Сұлтанда атышулы LRT құрылысы кезіндегі қаржы ұрлау қылмыстық жүйесін Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Астана LRT басшысы Талғат Ардан шетелдік және қазақстандық компаниялардың көмегімен ұйымдастырған. Ол туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің екінші департамент басшысы Сергей Перов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, бұл қаржыға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, кеңесшілік қызметтерді көрсету және техникалық бақылау шығындары кірген. Соның салдарынан мемлекетке 5 млрд теңгеден артық сомаға шығын келтірген.

«Осы лауазымдағы тұлғалар әкімдік басқармаларының бұрынғы басшылары Аманжолов, Нұрпейісовтың қатысуымен 24 млрд теңгеден астам қаражат жымқырылған. Әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке іздеу жарияланды. Іс бойынша әкімдіктің 5 лауазымды тұлғасы және мердігер ұйымдардың 6 басшысы жауапқа тартылуда. Олардың ішінде 5 күдікті күзетке ұстауға алынған, 3 адам қамауға алу бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуге берілген. Тергеу барысында 3 адам өз кінәсін мойындады, сәйкесінше оларға қатысты қамауға алу қолданылмады», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департамент басшысы Сергей ПЕРОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Нұр-Сұлтан ЛРТ
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир