|
04.05.2021 | 23:24
1768

Партизандық қозғалыстың қырағы жетекшісі Қасым Қайсенов жайында

Сұрапыл сыннан өтіп, ерлікпен де еңбекпен де жеңіске ұмтылған батырларымыздың арманы орындалғанына биыл 76 жыл

pushkinlibrary.kz

Сұрапыл сыннан өтіп, ерлікпен де еңбекпен де  жеңіске ұмтылған батырларымыздың арманы орындалғанына биыл 76 жыл. Сол соғыс жылдарында жау тылында партизандық қозғалыстың қырағы жетекшісі ретінде көзге түскен өр рухты, ер мінезді тұлғалардың бірі – Қасым Қайсенов. Жастық шағы соғыспен қатар келіп, ерте есейген майдангердің өнегелі өмірі жайлы сюжетке зер салайық.

Қазақстанның халық қаһарманы, атақты партизан, әрі жазушы Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында туған. 23 жасында жау қолында қалған Украина жеріне, нағыз майданның ортасына аттанады. Батыр Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады.

(Бейнеқор)

«Арпат тауы біздің Алатау сияқты орманды, биік тау. Орманды тау, жаңбыр кетпейтін, міне, осы ауа-райының қолайсыздығынан 60 адамның 53 адамы қаза тауып кетті дағы, біз аман-есен жерге жеті-ақ адам түстік», – деді  Қазақстанның халық қаһарманы Қасым Қайсенов.

«Мені әдебиетке әкелген соғыс, партизандық өмірім» деген жазушы соғыстан қайта өз мемуарлық еңбектерін жаза бастайды. Жақындарының айтуынша, ол соғыс кезінде болған әрбір жердің атауын, өзі басқарған әрбір әскеридің есімін жатқа білген. «Ажал аузынан», «Жау тылында» еңбектерінде тұтқында азап шекен жауынгерлер, дұшпанға аяусыз соққы беру, жау қолында қалғандарды босату сияқты операциялары шынайылықпен бейнеленеді.

«Мен атам туралы айтып бергім келеді. Ол кісі көз жұмғанда кішкентай болдым. Бірақ ол жайлы жақындарымнан естіп келемін. Ол үшін отбасы ең бірінші орында тұратын. Ол ұлы тұлға. Атамыздың есімі ешқашан өшпейді деп ойлаймын», – деді  Қ. Қайсеновтың шөбересі Әлімжан Мырзаев.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев батырға 1995 жылдың 9 мамырында Қасым Қайсеновке «Халық қаһарманы» атағын беріп, батырдың кеудесіне өз қолымен «Алтын жұлдызды» тағады. Сондай-ақ, сол кездегі «Егемен Қазақстан» газетінде «Қаһарманның қабағы неге кірбің?» атты журналистік зерттеу мақаласы шығады. Осылайша 1997 жылдың 7 мамырында Қасым Қайсенов «полковник» погонын алған. Қанша атақ алып жатса да, қарапайымдылығын жоғалтпайтын дейді оның көзін көргендер.

«Бір күні телефон шалды:

- Серік, маған полковниктің киімін кигізгелі жатыр. Сен кел. Маған өзің кигіз. Маған алып берген сен.

- Мен емес қой, аға, біз журналисттер жай ықпал еттік.

- Жоқ, сен кел», - деді Сөйтіп. ол кісіге өз қолымызбен ол кісіге полковниктің фуражкасын киігізіп, погонын құттықтап, сөйткенбіз», – деді  журналист, Әл-Фараби атындағы қазұу аға оқытушысы Серік Жұмабекұлы.

Қасым Қайсенов 15 жыл бұрын 89 жасқа қараған шағында созылмалы ауыр дерттен Алматыдағы өз үйінде қайтыс болды. Қазір батырдың артында 4 баласы, 12 немересі мен 24 шөбересі қалды.

Сымбат Ноғай, Медет Саматұлы, «Алматы» арнасы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир