|
20.10.2021 | 08:01
1252

Қар, шаңды дауыл: 20 қазанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады деп болжанып отыр

pohudeem.msk.ru

Елдің батысы, солтүстігі және оңтүстігіндегі ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайтын болады. Соған байланысты жаңбыр жауады, елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауу ықтимал, тек шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының батыс аумағында тұман түсуі мүмкін. Күндіз оңтүстік-батыста желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Атырау облысының басым бөлігінде жел тұрып, түнде облыстың батысында және оңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жел тұрып, шаңды дауыл соғады.

Алматы облысының Алакөл ауданында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, күндіз Қостанай облысының батысында, таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир