|
29.06.2022 | 08:32
866

Еліміздің 7 өңірінде қатты ыстық болады

Республика бойынша екпінді жел тұрады

drive2.ru

Қазгидромет 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – бұршақ, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте – дауыл, оңтүстік-батыста, оңтүстікте – шаңды дауыл күтіледі. Республика бойынша екпінді жел тұрады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында күші 30 м/с жететін жел күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қызылорда, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде өте қатты ыстық болжанады.

Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир