|
07.12.2021 | 09:37
697

Тұман түсіп, көктайғақ болады: 7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей жерлерінде жел тұрады

Фото: ашық дереккөзден

7 желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атмосфералық фронталды бөліктер ҚР басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақтайды – көбінесе қар түріндегі жауын-шашын жауады, солтүстік пен шығыста желдің күшеюі жаяу бұрқасын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, батысы мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, түнде Ақтөбе облысының солтүстік жартысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау облысының батысы, шығысы мен орталығында, Маңғыстау облысының басым бөлілігінде тұман күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде тұман, оңтүстігінде түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 

Павлодар облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, солтүстік-батысында желдің 18 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, солтүстік жартысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында және тау бөктерінде тұман, күндіз оңтістік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир