|
22.10.2020 | 10:33
1068

Қостанайда алғашқы қар жауды

Қала тұрғындары алғашқы қардың суреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатыр

inform.kz

Қостанайда алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қала тұрғындары алғашқы қардың суреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатыр. Қазгидромет орталығының Қостанай облысындағы филиалы, 22 қазанда күн бұлтты, кей жерлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болатынын хабарлады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде ол 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ауа температурасы түнде -4...+1, облыстың солтүстігінде -7 градус, күндіз +1...+6 градус, облыстың оңтүстігінде +9 градусқа көтеріледі. Қостанай қаласында көшпелі бұлт шығып, күндіз қар жауады. Жел екпіні 18 м/с жетеді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир