|
21.10.2020 | 11:16
824

Алдағы тәуліктерде күн суытып, қар жауады

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстан аумағына Скандинавия аймақтарынан циклон әсер етеді, ол өзімен бірге ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі

Fluentu.com

Қазгидромет 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамы жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстан аумағына Скандинавия аймақтарынан циклон әсер етеді, ол өзімен бірге ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі. Онымен бірге жауын-шашын болып, арты жаңбыр қарға ұласады. 

«Бұл оңтүстік-шығыста және шығыста қатты білінеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады. Шығыста, таулы және тау бөктеріндегі облыстарда аптаның аяғында бұрқасын болады. Түнде термометр елдің солтүстігінде және орталығында минус 5-13 градусқа дейін, оңтүстік аймақтарда кей жерлерде минус 3 градус аязға дейін төмендейді», – деді Қазгидромет.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир