|
07.07.2020 | 11:25
1251

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

Түнде және таңертең тұман болады

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, 7 шілде күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, оның күші найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең тұман болады. 

7 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. 

7-9 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай болжанады. Солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 41 градус қатты ыстық күтіледі. 

7 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с күшейеді. 

7 шілде күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир