|
07.08.2022 | 11:35
708

Еліміздің 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с артады

elements.envato.com

Қазгидромет 7 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұр-Сұлтан қаласында күн күркіреп, желдің күші 20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с артады.

Көкшетау қаласында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болады. Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады. Павлодар қаласында күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күшейетіні күтіледі.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

ауа райы Жаңбыр
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир