|
10.07.2021 | 16:07
2553

Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Батыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 25 метрге жетпек

Фото: ашық дереккөзден алынды

Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

11 шілде күні Iле-Алатау тауларында күндiз кей жерлерде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 25 метрге жетпек.

Осыған байланысты, ТЖД төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады: 

- Үйдің терезелерін тығыз жабу қажет;

- Ағаштардың жанында тұрмаңыздар және олардың жанында көлік қоймаңыздар;

- Мүмкіндігінше үйде болыңыз;

- Электр желілерінен, ағаштардан және мықты орнатылмаған құрылымдардан алшақ болыңыздар;

- Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және өміріңізге қауіп төнсе, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир