|
30.01.2023 | 20:09
582

Елімізде 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 112 км қашықтықта орналасқан

Фото: www.aa.com.tr

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалқ станциялар желісі бүгін сағат 12.36-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Alnaty.tv.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 112 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 8,0. MPV магнитудасы – 3,9. Тереңдігі – 10 км.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түскен жоқ.

Дерекөз: ҚазАқпарат.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир