|
28.02.2019 | 10:06
1436

ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға алаңдаушылық білдіреді

tengrinews.kz

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға алаңдаушылық білдіреді.

«Қазақстан екі ел арасындағы ашық және конструктивті саяси-дипломатиялық диалог қазіргі дағдарыстан шығудың жалғыз тиімді және қолайлы жолы деп санайды», - делінген мәлімдемеде

Қазақстан тараптарды ахуалдың одан әрі ушықтырмау үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне сүйене отырып, барынша сабыр танытып, халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырды.

Кеше Пәкістан әскері мәлімдеме жасағандай, пәкістандық қарулы күштер Кашмир өңірінде Үндістанның екі әскери ұшағын жойған.

Пәкістанның сыртқы істер министрлігі бұл елдің өзін-өзі қорғауға дайын екенін білдіреді деп түсіндірді.

Бұдан бұрын айтылған болжамдарға сүйенсек, Үндістанның әскери-әуе күштері Кашмирдегі «Джаиш-е-Мухаммад» террорлық ұйымы содырларының лагерлеріне шабуыл жасаған.

Кашмир мәселесі екі елдің арасындағы жағдайды шиеленістіріп отырған негізгі себеп болып табылады.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир