|
28.02.2019 | 12:55
1592

Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр президентіне көңіл айтты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Бақ.кз.

Мемлекет басшысы Каир қаласының теміржол вокзалындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Каир қаласының орталығындағы Рамсис станциясына кіре берісте пойыз өртеніп, 24 адам көз жұмды.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир