|
23.01.2019 | 12:56
1353

Перуашев Қазақстанның атауын өзгертуді ұсынды

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Азат Перуашев үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстан атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазақстан» атауының қолданылуымен бірге біздің мемлекетке «Қазақ Республикасы» ресми атауын қайтару мәселесін қарастыруды сұраймын. Мұндай бастаманы бес жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. Елбасының ұсынысын жүзеге асыратын уақыт келді деп ойлаймын. Әр нәрсені қараны – қара, ақты – ақ, қазақты – қазақ деп өз атымен атауымыз керек. Тоталитарлық биліктің өзі мойындаған, республикаға көптеген жылдан бері келе жатқан «Қазақ» деген атын қайтару тарихи әділдікті орнатып қана қоймай, біздегі әртүрлі ұлт өкілінің бірлігі мен достығының нығаюына әсер етеді», — деді Перуашев.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир