|
15.04.2021 | 14:50
1207

АҚШ Ауғанстаннан әскерін тұтас шығаратынын мәлімдеді

Бұл үрдіс 1 мамырда басталып, қыркүйек айына дейін жалғасады

Джо Байден Ауғанстаннан америкалық әскерлер мен НАТО күштерін тұтас шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

АҚШ президентінің айтуынша бұл үрдіс 1 мамырда басталып, қыркүйек айына дейін жалғасады. Әскерилерді шығару қауіпсіздік шараларын сақтай отырып,  ұйымдастырылған түрде жүргізіледі деді ол.

«Американың ең ұзақ соғысын аяқтайтын кез келді. Әскерлердің үйге қайтатын уақыты келіп жетті. Бізге шабуыл жасалғаннан кейін нақты жоспарлар құрып, соғысты бастағанымыз рас. Дегенмен бүгінде діттеген мақсаттарымызға жеттік. Бен Ладен өлді, Ауғанстандағы «Әл-Қаида» террористік ұйымы жойылды. Демек, шексіз соғысты аяқтайтын уақыт келді», – деді АҚШ президенті Джо Байден.

Биыл, 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі егіз ғимараттарға шабуылдың жасалғанына 20 жыл толады. Ауғанстандағы әскери операцияны тоқтау осы датаға орайластырылған.

Айта кетейік, он жыл бұрын АҚШ-ты басқарған Барак Обама «Талибанды» жеңу стратегиясы аясында Ауғанстанға 100 мыңға жуық әскер жіберген еді. Ал, Дональд Трамп президенттігі аяқталар тұста ондағы америкалық әскери күштердің саны 2,5 мыңға дейін азайған болатын.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир