|
19.05.2021 | 15:46
2178

Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді

Іс-шарада екі мәселені қарау жоспарлануда

ашық дереккөзден

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шарада екі мәселені қарау жоспарлануда: Қарулы Күштерді салу және дамыту тұжырымдамасы туралы, екіншісі-шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талқыланбақ. Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевтің мәліметінше, бірінші мәселе бойынша негізгі басым бағыттар, іске асыру кезеңдері айқындалады. Сондай-ақ, Үкіметпен бірлесіп қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын қаржыландыру және тұжырымдаманы іске асыруға қатысу мәселелері қаралады және пысықталады.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир