|
21.10.2020 | 16:50
1231

Келесі Парламент бұдан да мықты болуы керек – Қуаныш Сұлтанов

Бұл сайлау дамудың жаңа кезеңі

egemen.kz

Президенттің Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлығына сай жариялаған Үндеуіне Мәжіліс депутаттары қолдау танытуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл сайлау дамудың жаңа кезеңі болуы керек, дейді Қуаныш Сұлтанов. Ол халықтың жоғын жоқтап, мұңын айтатын депутатыққа лайықты адамдар өтуі тиіс деп санайды. Болашақта мемлекеттік заң шығарушы органдардың беделін көтеретін, білім-біліктілігі жоғары, мемлекетшіл адамдар Мәжіліс қатарына қосылатынына сенімді.

«Мемлекетке шын мәнінде еңбек еткісі келетін, қыңыр-қиясық дүниені түзетуге құлықты болатын, қоғамның денсаулығын жақсартуға үлес қосқысы келетін сондай таза адамдар өту керек деп ойлаймын. Адалдықпен, әділдікпен, бюджетке қол сұғушылықты жою керек. Адамдар таза болуы керек. Алдағы уақытта келесі Парламент бұдан да мықты болуы керек», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов.

Ал коммунистік партия өкілі Айқын Қоңыров сайлауға біз де сақадай саймыз деп отыр. Қазір парламенттік саяси партияның бағдарламасын талқылап жатқандарын айтады. Алдағы көтеретін проблемаларын да айқындап қойыпты.

«Біз әлеуметтік әділдік деген ұранды ұстанамыз. Қазір бұл дамыған елдерде өзекті. Бізде Үкіметпен арадағы түсіністік қалыптасқан. Олар өз міндеттерін біледі, біз оларды сынаймыз. Оның барлығы қоғам игілігі үшін. Алдағы уақытта, біріншіден, жер туралы мәселесін шешу, екіншіден, ипотека алғандар проблемасы және зейнетақы реформасы біздің негізгі міндетіміз болады», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир