|
03.08.2020 | 18:20
746

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годуновны қабылдады

Есеп комитеті ауқымды әрі тиімді жұмыс жүргізіп отыр

Аkorda.kz

Есеп комитетінің төрайымы Мемлекет басшысына дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржының жұмсалуына мониторинг жүргізу барысы және квазимемлекеттік сектор компанияларының активтерін тиімді басқаруға жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары туралы есеп берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Наталья Годунованың айтуынша, экономиканы қолдауға және пандемиямен күреске бағытталған ресурстарды Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары жіті бақылап отыр. Үкімет қабылдаған шаралардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі осы жылдың соңына дейін бағаланатын болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің жақында өтетін отырысында аудит қорытындыларын заңнамаға сәйкес қарастыруды және мемлекеттік активтерді тиімсіз басқаруға қатысты анықталған деректер бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. Президенттің пікірінше, Есеп комитеті ауқымды әрі тиімді жұмыс жүргізіп отыр. Мемлекет басшысы бұл жұмыстарды жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир