|
26.02.2020 | 18:38
1733

Мәжілісте сот жұмысының заманауи форматтарын енгізу бойынша заң жобасы талқыланды

Соттарды артық қажетсіз функциялардан арылту – заман талабы

parlam.kz

Сот процесін адамдар үшін ыңғайлы, тиімді әрі түсінікті ету қажет. Соттарды артық қажетсіз функциялардан арылту – заман талабы. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының бірінші оқылымы талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Судьялар істі қарағанда оның ақ-қарасына тереңірек үңілмейді? Неліктен іске қатысты басқа да мән жайларды жіті зертемейді? Депуттардың сөзінше, қоғамда осындай сұрақ көп. Оған еліміз жоғары сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов қазір судьялардың қолы байлаулы деп жауап берді.  

«Оған себеп – қолданыстағы азаматтық-процессуалдық Кодекстің талабы. Кодекс бойынша судья ешбір жағдайда талап-арыз шеңберінен шықпауы тиіс. Ол міндеттеліп қойған. Тараптар нені талап етсе, тек сол сұрақты қарап, сол сұрақ бойынша шешім қабылдауы керек. Өз бетінше басқа мән-жайларды анықтауға өзге дәлелдерді сұратуға судьялардың ешқандай құқығы жоқ», – дейді  ҚР Жоғары сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы  Мейрамбек ТАЙМЕРДЕНОВ

Ұсынылып отырған Заң жобасы судьяның процестік рөлін түбегейлі өзгертеді. Әділ шешім қабылдау үшін ол дауды бүге-шүгесіне дейін түсініп, анықтауға жол ашады. Азаматтық процесс азаматтар үшін түсінікті әрі ыңғайлы болады.  Бұл озық дамыған елдерде қалыптасқан тәжірибе, дейді Мейрамбек Таймерденов. Бұл ретте ол талап-арыз соммасын көтеруді ұсынды. Қазір заңға сәйкес жеке тұлғалар үшін 200 айлық есептік көрсеткіш болса, 1000 АЕК көлеміне дейін жоғарылату қажет деп санайды. Ал депутаттар болса, алдымен судьялардың біліктілігін көтеру керектігін алға тартты.

«Сотқа адам бекерден-бекер жүгінбейді. Соттың бюрократтығы, сотың әділетсіздігі, соттың адамдарға жасайтын қиянаты бізде көп орын алады. Адамдар шағым жазып жатады. Кейде сот қағаздарын бізге жібереді. Сол қағаздарды оқуға ұяласың. Сауатсыз қағаздар жазады. Сауатсыз шешім шығарады», – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қуаныш СҰЛТАНОВ.  

Дегенмен халық қалаулылары бүгін ұсынылған Заң жобасын бір ауыздан қолдады. Айта кетейік, оңайтылған істерді электронды жүйеге көшіру де көзделуде. Бұл 30 мыңға жуық азаматтық істерді қысқа мерзімде қарауға мүмкіндік тудырмақ. Яғни, соттардың жүктемесін жеңілдетеді. Өткен жылдың өзінде елімізде 1700  судья 2 млн. 900 мың азаматтық іс қараған екен.

Асылбек ТОЙБЕК,  Нұр-Сұлтан

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир