|
05.08.2020 | 18:56
993

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президенті Мишель Аунмен сөйлесті

Бұл туралы ол өзінің Твиттер парақшасында мәлімдеді

akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Бұл туралы ол өзінің Твиттер парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан азаматтарының, соның ішінде, қазақ дипломаттарының және Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күштері құрамында қызмет атқарып жүрген әскерилердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау туралы өтініш білдірдім. Ал, Ливан Президенті осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргеніміз үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берді деп жазды өз парақшасында. Айта кетейін, дәл қазіргі ақпарат бойынша Бейруттағы жарылыстан опат болғандар саны 100-ден асып кетті. Онда әлі іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир