|
01.10.2020 | 19:58
1122

Бірқатар мемлекеттің елшілері Қазақстан Президенті сенім грамоталарын тапсырды

Президент мемлекеттер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді

akorda.kz

Ақорда резиденциясында бірқатар шет мемлекеттің жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысына Беларусь Республикасының Елшісі Павел Утюпин, Финляндия Республикасының Елшісі Сойли Макелайнен-Буханист, Австрия Республикасының Елшісі Вилли Кемпель, Мажарстан Елшісі Михай Матяш Галошфаи сенім грамоталарын тапсырды.   Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдің дипломатиялық миссиясы басшыларымен әңгімелесу барысында аталған төрт мемлекеттің барлығымен Қазақстанның қарым-қатынасы жақсы және түрлі салалардағы ықпалдастық деңгейі жоғары екенін атап өтті. Осыған байланысты Президент мемлекеттер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

«Сіздер Еуропаның төрт мемлекетінің өкілісіздер. Еліміздің Сыртқы саяси тұжырымдамасында Еуропамен арадағы қарым-қатынастарға ерекше мән берілді. Еуропа Қазақстанда саяси, экономикалық ынтымақтастық және инвестиция тарту ісі бойынша маңызды рөл атқарады. Ынтымақтастығымыз одан әрі жалғаса береді деп ойлаймын. Қазақстан мен сіздердің елдеріңіз арасындағы ықпалдастыққа қосымша серпін беруіміз қажет. Өзара түсіністікті нығайту үшін еліміздің Үкіметіне де, өздеріңіздің үкіметтеріңізге де көмектесесіздер деп үміттенемін. Қазіргі уақытта бұл аса маңызды. Көптеген мемлекеттердің арасында осындай өзара түсіністіктің жоқтығы халықаралық қатынастардың шиеленісуіне алып келеді. Мәселенің мәні осында», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир