Президент: Ғалымдарға өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керек

Бұны ғылымға бөлінетін базалық қаражат есебінен қамтамасыз еткен жөн

Ғалымдарға өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керек. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жасаған Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ең алдымен жетекші ғалымдарымызға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керек. Бұны ғылымға бөлінетін базалық қаражат есебінен қамтамасыз еткен жөн. Мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру тәртібін енгізуді тапсырдым. Құзырлық министрлік осындай ғылыми мекемелерді іріктеудің және қаржыландырудың айқын әрі ашық ережесін әзірлеуі керек», – деді Президент.
Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Жалақы
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир