Алматыдағы студенттер бас қосты

Өзіндік идеясы бар білімгерлер ойын ортаға салу арқылы пікір алмасты

Almaty.tv

Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Президенттің Жолдауда айтқан дәл осы сөзіне қанаттанған студенттер әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.


Өзіндік идеясы бар білімгерлер ойын ортаға салу арқылы пікір алмасты. Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі Жолдауында жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетілетінін және оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін мәлімдеді. Сөзінше, еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жас жұмыспен қамтылуы тиіс.

«Өзіндік пікірі бар, еліміздің дамуына септігін тигізер ұсыныс айтар, бағыт көрсетер жас көп. Бірақ олардың барлығының басын қосып, бір ортаға жинау үшін осындай диалог алаңдары керек», – деді «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Әкежан Кеңесов.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир