Дәулет Тұрлыханов: «Жаңа Қазақстан» елге келген жаңа леп деп түсінеміз

ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының басшысы, қоғам қайраткері Дәулет Тұрлыханов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, Президенттің кезекті Жолдауында халық күткендей оң өзгерістер мен жаңа леп сезілді.

«Жолдауда «Жаңа Қазақстанның» жарқын болашағына жол ашатын өзекті мәселелер қамтылды. Яғни, Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктердің мызғымас кепілі болу керектігін, парламент рөлін арттырып, мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайтуды, партиялардың тіркеу рәсімдерін жеңілдету, сайлау жүйесін жетілдіру және үрдісін жаңарту, құқық қорғау конституциясын күшейту, сонымен қатар жаңа облыстар құру, оның ішінде Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары бой көтеретіні, Конституцияның 30-дан астам бабына өзгерістер енгізу туралы ауқымды мәселелер айтылды. Сондай-ақ халқымыздың тұтастығы мен бірлігін сақтау, еліміздің көркейіп, өркендеуі үшін қоғамның барлық саласында жүргізілетін реформалары айқын айтылған. Қазақстанның бірлігін ойлаған Президентіміздің ел болашағы үшін алға қойған мақсаттарын орындайтынына сенімдімін»,- деді Дәулет Тұрлыханов.

Сонымен қатар ол ел бірлігіне сызат түсірмей, халықтың амандығы үшін батыл шешім қабылдай білетін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты әркез қолдайтынын жеткізді.

«Оның жасампаз бастамалары мен елдің көңілінен шығатын шешімдері баршамызға рух беріп, қанағаттандырады. Біздер, қазақстандықтар, «Жаңа Қазақстан» елге келген жаңа леп деп түсінеміз»,- деді ол.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

жолдау
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир